19.04.2022, 10:46
Оқылды: 83

«Қоңырау» сахналанды

«Алтын орда» балалар мен жасөспірімдер  қоғамдық театрында «Қоңырау» ертегісіні премьерасы өтті.

1C3A4654

Өткен жылы тұсауын кескен аталмыш театрдың бір  жылдығына орай және «Балалар жылы» аясында театр ұжымы Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, драматург Бурул Калчабаеваның «Қоңырау» аңыз ертегісін сахналады.

Балаларға арналған қойылым адамның табиғатпен үндестігін бейнелеп, табиғатты қорғау, оған қамқорлық таныту жер бетіндегі  кез келген жанның парызы мен борышы екенін еске салады. Қойылымның режиссері – Самал Әбуов,  қырғыз тілінен қазақ тіліне тәржімалаған ҚР мәдениет саласының үздігі, актриса, аудармашы Эльмира Мақашева, қоюшы суретші-Әсемгүл Төлепберген.

Қойылымды тамашалауға келген Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов құттықтау сөз сөйлеп, ұжымға қала әкімі атынан алғысхаттар табыстады. Сондай-ақ  қалалық мәслихат депутаттары Светлана Бахишева мен  Арман Бигалиев балалардың өнеріне ризашылықтарын  жеткізді.

Гүлжамал Жолдығали,

Фотосурет: Виктор Предыбайло

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале