Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 16 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,47 теңгеге төмендеп, 1 доллар 434, 37 теңге болды. Ұлттық банктің 17 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 434,84 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 436,76 теңге, сатып алу – 438, 29 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 436,67 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 438, 47теңге.