24.01.2023, 17:29
Оқылды: 39

Қор нарығында доллар бағамы 462 теңге шамасында тұрақтады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15

Фото дереккөзі: kapital.kz

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,15 теңгеге төмендеп, 1 доллар 461, 88 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 24 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 462, 04 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 461,5 теңге, сатып алу – 465 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 461 теңгеден болса, сатып алу – 464.

Ресей рублі 6,53 – 6,57 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале