30.03.2022, 11:29
Оқылды: 44

Қор нарығында доллар бағасы 458 теңгеге дейін түсті

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

210628112725442a3805929i

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 29 наурыз кешімен салыстырғанда 11, 44 теңгеге төмендеп, 1 доллар 458,76 теңге болды.

Ұлттық банктің 30 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 471, 30 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 455, 49 теңге, сатып алу – 460, 69 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 451,19 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 457,30 теңге.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале