23.09.2021, 11:20
Оқылды: 42

Қор нарығында теңге бағамы нығайды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 22 қыркүйек кешімен салыстырғанда 0,56 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425, 17 теңге болды. Ұлттық банктің 23 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 425, 75 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425,02 теңге, сатып алу – 426,53 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,76 теңгеден болса, сатып алу құны – 425, 91 теңге.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале