20.03.2026, 11:45
Оқылды: 7

Қордың қайырымдылығы

 

Рамазан айында «Дәдем ата - Жұмағазы хазірет» қоры Сырым ауданына қарасты Алғабас және Шолақаңқаты ауылдық округтерінде тұратын 40 отбасына  қайырымдылық  көмек  көрсетті.

652678149_963320792692127_1263598731367580500_n

Жұмағазы хазірет ұрпағы, киелі мекеннің шырақшысы, қор директоры Ғарифолла Жанбозов наурыздың 17-сі күні Алғабас және Тоғанас ауылдарына арнайы барып, жалпы құны 600 мың теңгеге жуық күнделікті тұтынатын азық-түлік заттарын үлестірді.

Қор парақшасындағы деректерге сүйенсек, Ғарифолла Баймұратұлы мұндай қайырымдылық көмекті жыл сайын бірнеше мәрте атқарып, ел-жұрттың ризашылығына бөленіп  жүр.

«Осы азық-түлікті аталған ауылдарға жеткізу үшін белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Тұрарбек Тілемісев тегін көлік беріп, қолғабыс көрсетті», – дейді Ғарифолла Баймұратұлы.

 

Әбу Әбдірахман

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале