27.02.2026, 14:45
Оқылды: 58

Қорғаныс министрлігінде «Әскер аруы – 2026» фотобайқауының жеңімпазы анықталмақ

_gluster_2026_2_27_bbf9a43d975dcdb4f522353542eb87a6_1280x720

Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған дәстүрлі «Әскер аруы» фотобайқауы басталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспаөз орталығы. 

Байқау әскери қызметтің беделін арттыруға, армияның жағымды бейнесін қалыптастыруға және еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудегі әйелдердің үлесін көрсетуге арналып отыр.

Биылғы фотобайқауға Қарулы күштердің түрлерінен, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардан, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелерінен 40-тан астам әскери қызметші әйел қатысып жатыр. Байқауға қатысушы қыз-келіншектер әскери қызметті жеке және кәсіби дамумен табысты үйлестіріп келеді. Оларды бастамашылдық, біліктілік және жоғары жауапкершілік қасиеттері ерекшелейді.

Дауыс беру 2026 жылғы 27 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қорғаныс министрлігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өтеді. «Ұнайды» белгісін көп жинаған қатысушы жеңімпаз атанады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астанада өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале