14.12.2020, 15:52
Оқылды: 9

Коронавирус: Батыс Қазақстанда 16 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Батыс Қазақстан облысында коронавируспен ауырған 16 адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.

6C0F8091-37BC-48F0-8C3B-F5C8A3C468AC

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, өңірде індетке шалдыққандар саны 8564-ке жетіп, соның 7591-і жазылып шықты. Өкінішке қарай, 144 адам көз жұмды. Соңғы тәулікте - 41, бір аптада 260 адамның сырқаттанғаны тіркелді.

Пневмонияға шалдыққан 133 адам стационарда жатса, 50-і амбулаторлық ем алуда. Пневмониядан барлығы 239 адам қайтты. Төрт адам өкпені жасанды желдету аппаратына, тағы алтауы оттегі концентраторына қосылған. Қазіргі кезде жұқпалы аурулар ауруханаларында - 141, карантиндік стационарларда 48 адам ем алуда.

Облыста қыркүйек айынан бері 161 бала коронавирус жұқтырған. Соның ішінде қыркүйек айында - 4, қазанда - 5, қарашада - 102, желтоқсанда 37 бала ауырды. Сондай-ақ қарашада - 12, желтоқсанда 1 балабақша тәрбиеленушісі сырқаттанды. Желтоқсан айында Ресеймен шектесетін мемлекеттік шекарадан 52459 адам өтті. Соның ішінде анықтамасы жоқ 1651 адамның 29-ынан КВИ табылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 29 баладан КВИ анықталғанын жазған болатынбыз.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале