15.10.2021, 12:31
Оқылды: 48

Коронавирус: Латвия президенті індет жұқтырды, Франция төтенше жағдайды ұзартады

Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға шолу жасады.

16

Франция COVID-19 салдарынан төтенше жағдайды 2022 жылдың 31 шілдесіне дейін ұзартуға ниетті, деп хабарлады ел Үкіметі.

Бұл өз кезегінде билік органдарының мейрамханалар, барлар және кинотеатрларға кіру үшін санитарлық рұқсаттама пайдалану сияқты шектеу шараларын ұзартуға мүмкіндік береді.

Латвия президенті Эгилс Левитс коронавирусқа жедел тест тапсырды. Тест нәтижесіне сенсек, ол індет жұқтырған. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Коронавирусқа байланысты Эгилс Левитс Ригаға келген Эстонияның жаңа президенті Алар Кариспен жоспарланған кездесуді кейінге қалдырды. БҰҰ пандемияға байланысты 160 миллионға жуық адам аштыққа тап болғанын хабарлады.

«Сонымен қатар, 120 млн-ға жуық адам кедейлікке ұшырады, ал 100 млн бала білім алуда қиындықтарға тап болды» деп атап өтті ұйымның бас хатшысы Антонио Гутерриш.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале