Қазақстанда 293 адам коронавирус пневмониясынан емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«17 қарашада коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 147 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 293 адам емделіп шықты.
2020 жылғы наурыздан бастап барлық ауырғандар саны – 81 722, 5 108 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 72 202-ге жетті», делінген хабарламада.