Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина жеткілікті болған кезде қазақстандық «QazVac» препараты басқа елдерге шығарылуы мүмкін екенін айтты.
Препараттың түрік зауытында құйылып жатқанын ескеріп, тілшілер Тоғжановтан "Қазақстандық вакцина Түркия азаматтарына салына ма?" деп сұрады.
"Болашақта елдегі қажеттілік жабылған кезде (қазақстандық вакцина қолжетімді болады. - авт.еск.) тек Түркияға емес", - деді Тоғжанов.
Сондай-ақ, вице-премьерден қазақстандық вакцина басқа елдерге қаншаға сатылатынын сұрады. Айта кетейік, қазақстандықтар үшін вакцинация тегін.
"Оны есептейді. Ішкі есептеулеріміз бойынша 4,7 доллар деңгейінде. Түркиямен басқаша есеп жүргізіледі", - деді Ералы Тоғжанов.
Айта кейік, бүгін ҒЗИ базасында өндірілген «QazVac» (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасының бірінші партиясы Қазақстан өңірлеріне жіберілгені хабарланған еді. «QazVac» вакцинасының 50 мың дозасы "СҚ-Фармация" хабтарына таратылып, әрі қарай еліміздің барлық өңіріне Денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына жеткізіледі.
Tengrinews.kz