24.08.2022, 9:02
Оқылды: 42

Коронавирустан 1 науқас қайтыс болды – министрлік

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220824091351362e

Ведомство дерегіне сәйкес, коронавирустан 1 адам қаза болды. Жалпы 2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 23 тамызға дейін елімізде коронавирустан 13 682 адам көз жұмды. Коронавирус пневмониясынан 5357 адам қайтыс болды.

Қазір өңірлерде аталған індеттен 20 409 адам емделуде, оның ішінде 20 086-сы (КВИ+) коронавирустан, 323-і (КВИ-) коронавирус пневмониясынан. 729 пациент – стационарда, 19 680 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 18 адамның жағдайы ауыр,

- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

2208240910302664g

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале