28.03.2020, 15:40
Оқылды: 29

Коронавирустың таралу қаупі үдеп барады - министр

Елімізде коронавирус індетінің таралуы үдеп барады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтты.

00322D4E-73EF-4DB7-A47C-BB6EFF433DAF
«Бұл тікелей эфирді онлайн брифинг емес, үндеу деп қабылдаған жөн. Өздеріңіз көріп отырсыздар, індеттің таралуы үдеп барады. Бір түнде коронавирус жұқтырған қырықтан астам адам анықталғаны – алаңдататын жағдай. Қазір вирус жұқтырғандардың саны 204-ке жетті. 1899 адам стационарлық карантинде. Үш жарым мыңнан астам адам үй карантинінде жатыр. 6 мыңнан астам ауырғандармен байланыста болған. Олардың 95%-ының кім екені анықталды. Біз өте күрделі кезеңде тұрмыз. Вирус таралуын бақылай алмай қалу қаупі туындап отыр», - дейді Дәурен Абаев.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале