24.02.2022, 15:50
Оқылды: 122

Қос монография жарыққа шықты

Орал қалалық орталықтандырылған кітапханада Алматы қаласындағы «Қазақ кітабы» баспасынан шыққан қос монографиялық еңбектің тұсаукесері өтті.

9

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, әдебиеттанушы ғалым Рита Сұлтанғалиева «Смағұл Елубай прозасы: ұлт тарихы, ұлттық болмыс, ұлттық характер және суреткерлік шеберлік» атты кітапты аталған университеттің магистр-оқытушысы Жангүлім Мұханбетовамен, ал «Тәуелсіздік кезеңіндегі жас қаламгерлер прозасы және әлемдік әдеби дәстүр ықпалдастығы: готикалық, мистикалық, магиялық мотивтер» еңбегін магистр-оқытушы Сандуғаш Сағидуллиевамен бірге жазған. Бұл кітаптардың зерттеу жұмыстарына жылдан астам уақыт кеткен екен.

10

Тұсаукесер рәсіміне ғалымдар мен оқытушылар, мектеп мұғалімдері, магистранттар, ақын-жазушылар және ардагер ұстаздар қатысты.

13

Осы іс-шараға арнайы шақыртумен келген филология ғылымдарының кандидаты Зейнолла Жақсылықов ғалымдардың зерттеу еңбектеріне тереңнен талдау жасап, өз ойын ортаға салды.

12

Сонымен қатар М. Өтемісов атындағы БҚУ-дың филология факультетінің деканы Айдарбек Ақболатов  қос кітаптың әдеби-теориялық тұрғыдан бүгінге дейінгі зерттеу еңбектерінің қатарын толықтыратынына сенім білдіріп, ауторларға шығармашылық табыс тіледі. Кеш барысында жазушы-драматург Мадина Омарова онлайн байланыс жасап, аз-кем пікір айтты.

11

– Қазіргі қазақ әдебиетінде магиялық, готикалық стильдің қалыптасып келе жатқанын көріп жүрміз. Себебі кәрісі де, жасы да бар қаламгерлердің дені осы бағытта өнімді еңбек етуде. Ғылыми монографияның ауторлары алдағы уақытта да еңбекқорлығымен, іскерлігімен көзге түсіп, әдебиеттанудың дамуына үлес қоса беретініне сенім білдіремін, –  деді Мадина Мырзахметқызы.

Аманжол Исламғали,

zhaikpress.kz

                                                                          

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале