Бұл туралы бүгін Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс ХІІ сессиясында мәлім болды.
Депутаттар үміткерлердің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Ж.Досмұхаммедов атындағы педагогикалық колледждің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Шалқыма Құрманалина мен ардагер-ұстаз, математик-ғалым Өтебай Құспанов «Орал қаласының құрметті азаматы» атанды.
Оларды Орал қалалық мәслихатының хатшысы Аққали Әубекеров марапаттады.
Нұртай Текебаев
zhaikpress.kz