Допты хоккейден Ресейдің жоғары легінде ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында 26-27 қаңтар күндері Орынбордың «Локомотивін» қабылдады.
Жексенбі күнгі ойында біздің жігіттер ресейліктерді 20:3 есебімен ойсырата ұтты. Ал кеше «Локомотивпен» екінші ойынын өткізген оралдық хокейшілер қарсыласын 17-0 есебімен жеңді. Рауан Исалиев қарсылас қақпасын 5 мәрте дәл көздесе, Максим Пахомов - 4, Максим Өтебәлиев - 3, Нұрбол Бөкешев - 2, Ершат Аманкелді мен Самат Аманшин бір голдың ауторы атанды. Тағы бір голды орынборлық ойыншы өз қақпасына соғып алды. Осы ойыннан соң 45 ұпай еншілеген «Ақжайық» командасы турнир кестесінде жеке-дара көш бастады.
«Ақжайық» келесі ойынын ақпанның 3-4-і күндері өз алаңында өткізеді. Бұл жолы бізге қонаққа Ресейдің Краснотурьинск қаласынан «Маяк» командасы келеді.
Түгелбай Бисен,
«Орал өңірі»