Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде жүзеге асырылған «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» бағдарламасын сәтті аяқтап, резервке енген кадрлар Орал қаласы бойынша мектеп директорларының бос лауазымдық орындарына тағайындалды.
Орал қаласы білім беру бөлімі басшысының бұйрығымен Мутигуллина Толқын Жасталапқызы А.Байтұрсынұлы атындағы №10 ЖОББМ директоры, Ақұштап Бисембайқызы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі директоры, Кажбанова Альфия Жұмабайқызы №5 ЖОББМ директоры лауазымдарына тағайындалды. Бүгін бөлім басшысы Ақжарқын Темірханова мектептердің ұжымдарына жаңа директорларды таныстырды.
Мутигуллина Толқын Жасталапқызы 1982 жылы Казталов ауданында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
1999-2003 жж – Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті, тарих факультетін «тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы;
2007-2009 жж – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін – «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек өтілі – 20 жыл, педагог-зерттеуші.
2003-2017 жж – Орал қаласы №21 ЖОББМ –нің тарих, құқық және экономика негіздері пәні мұғалімі.
2015-2017 жж – №21 ЖОББМ директордың тәрбие жөніндегі орынбасары
2017-2020 жж – Орал қалалық білім бөлімінің тарих және қоғамдық пәндер әдіскері.
2020-2022 жж – Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының тарих және қоғамдық пәндер әдіскері, «Жас маман», «БілімTREND», «Alternativ TUTOR» жобаларының жетекшісі.
2022-2023 жж – №35 МЛ директордың ғылыми-әдістемелік жөніңдегі орынбасары лауазымдарын атқарған.
Суюнгалиева Ақұштап Жексембиқызы 1977 жылы Тасқала ауданы, Тасқала ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
1997 жылы Орал педагогикалық колледжін үздік дипломмен аяқтаған
2001 жылы А.С. Пушкин атындағы БҚМУ "Орыс тілі және ағылшын тілі пәні мұғалімі" мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек өтілі – 26 жыл, педагог-зерттеуші
Еңбек жолын Тасқала ауылы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі болып бастады.
2005-2012 жж – мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2012-2017 жж – мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2019-2021 жж – Орал қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тренері болып жұмыс атқарды.
01.09.2021 жылдан бастап Орал қаласындағы А.С.Макаренко атындағы №6 ЖОББМ мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды.
Альфия Кажбанова – 1982 жылы Теректі ауданында дүниеге келген.
2004 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті, филология факультетін «орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2022 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің филология факультеті бойынша магистр дәрежесін алды.
Еңбек өтілі – 19 жыл, педагогика ғылымдарының магистрі, I санатты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Білімі – жоғары.
2004-2020 жж – Орал қаласы №7 ЖОББМ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
2020-2024 жж – №23 ЖОББМ директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарды.
Ақжарқын Мүтиғоллақызы бес кезеңді қамтыған бағдарлама аясында кәсіби, басқарушылық, аналитикалық дағдылар мен құзыреттерін жетілдірген мамандардың көшбасшы ретінде әр білім беру ұйымындағы білім сапасын арттыруға, тәрбие жүйесін жетілдіріп, дамытуға өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.
Орал қалалық білім беру
бөлімінің баспасөз қызметі