19.09.2018, 16:30
Оқылды: 46

Көші-қон заңдылығын сақтамаған украин журналисі айыпталды

Орал қаласына «Журналистика мектебі» жобасын өткізуге келген украин журналисі Александр Гороховский әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жоба «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедияровтың ұйымдастыруымен қолға алынған.

IMG-20180918-WA0092

Судья Хатима Ерсенова сот отырысы барысында Александр Гороховскийдің Қазақстанға жеке мақсатпен «Астана» шекара бақылау бекеті арқылы келгенін айтты. Сәйкес келетін визасы болмаса да, 14 қыркүйектен бастап Оралда журналистика тақырыбында семинар өткізген. Осылайша Гороховский ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлімі бойынша тіркеу кезінде визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес емес қызметтермен айналысып, Қазақстан Республикасының заңдылығын бұзған.

А. Гороховский Оралға «Уральская неделя» газетінің журналистерінің жеке шақыртуларымен «Журналистика мектебі» шеңберінде тегін тәжірибе алмасуға келгенін, мұндай жобаның басылым журналистерімен екінші мәрте ұйымдастырылып отырғанын жеткізді. Ал сотта куәгер ретінде қатысқан аталмыш басылымның редакторы Лұқпан Ахмедияров Оралға Александр Гороховскийді «Фактчекинг» бағыты бойынша өз білім-білігімен бөлісуге шақырғанын, оның жол шығыны мен барлық тірлігін өз бюджетінен төлегенін нақтылады. 14 қыркүйектен бір күн бұрын Ахмедияров «Шағала» қонақүйінің баспасөз залын жалға алған және бұған дейін әлеуметтік желілерде тегін «Журналистика мектебі» жобасы басталатынын, оған Александр Гороховскийдің қатысатынын хабарлаған.

Айта кету керек, А. Гороховскиий серіктес болып табылатын  factcheck.kz жобасының сайтында оның ұсталуы туралы ақпарат «Полицейские в Уральске прервали тренинг Александра Гороховского по фактчеку» деген тақырыпппен берілген. «Тренинг» сөзі ағылшын тілінен аударғанда оқыту деген мағынаны береді.

factcheck.kz сайтының жарияланымдары «Сорос-Қазақстан» қорының қаржылық  қолдауымен, яғни сайтта көрсетілгендей,  бұл белгілі америкалық қаржыгер Джордж Соростың иелігіндегі шетелдік «Сорос» қорының  қазақстандық филиалы дайындалғанын атап өткен жөн. Аталмыш қор түрлі елдерде, соның ішінде Сирия мен Украинада саясатқа ықпал етуге әрекеттенді деген күдікке іліккен болатын.

IMG-20180918-WA0090

Сондай-ақ сотта көші-қон полициясының өкілі, заңсыз көші-қонмен күрес бойынша арнайы бөлімнің инспекторы, аға лейтенант Намазовтың айтуынша, Гороховскийдің мемлекеттік шекарадан жеке мақсатпен өткенін көрсеткен. Ал тренингке қатысу қызметтік сапар болып сипатталады. Сондықтан ішкі істер органдары мұны сәйкессіздік және әкімшілік құқықбұзушылық бар деп тапты.

Осы көрсетілген құқықбұзушылық негізінде сот А.Гороховскийді ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 517-бабының 5-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 25 АЕК, яғни 60125 теңгені 30 пайызға төмендету жолымен 42087 теңге 50 тиын көлемінде айыппұл өндіруге үкім шығарды.

Галина САМОЙЛОВА,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале