2.12.2022, 17:45
Оқылды: 66

Көші-қон және Әкімшілік полиция комитеттері таратылмақ

Ішкі істер министрлігіне қарасты Әкімшілік полиция мен Көші-қон қызметі комитеті таратылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220705162306a3951621d

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Әкімшілік полиция комитеті мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Көші-қон қызметі комитеті мемлекеттік мекемесі таратылсын. Бұл ҚР Президентінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі Ішкі істер министрлігінде басқа құқық қорғау органдарымен (БП, СЖҚІА, ҰҚК) ұқсастығы бойынша қызмет құру туралы тапсырмасын орындау аясында ұсынылып отыр. Жобаны қабылдау құқық қорғау қызметін өткеруді ұйымдастыру тәсілдерінің бірлігі қағидатын іске асыруға, қызметкерлерді басқа құқық қорғау органдарымен ұқсастығы бойынша әлеуметтік және материалдық қамтамасыз етуді біріздендіруге, дербестікті қамтамасыз ете отырып, шешімдер қабылдау кезінде олардың басшыларының жауапкершілік деңгейін арттыра отырып, ІІМ-нің қайта құрылған бөлімшелерінің жұмысын қайта құруға, осы лауазымдарды тәжірибесі мол білікті кадрлармен алмастыру үшін тартуға мүмкіндік береді, - делінген құжатта.

Қаулыда көрсетілгендей, бұл істі жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржат талап етілмейді. Комитет төрағалары мен олардың орынбасарларының еңбекақы мөлшері мен арнаулы атақтары өзгеріссіз қалады

Құжатты ашық талқылау 19 желтоқсанға дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале