2.08.2022, 10:15
Оқылды: 52

Қошқар ұрлағандар құрықталды

Орал қаласы ПБ криминалистері облыс аумағында мал ұрлығымен айналысқан қылмыскерлерді ұстады.

4

Биылғы жылдың 23 шілдесінде 102 телефонына қорадан қой ұрланғаны туралы хабар түседі. Оқиға орнына шұғыл жедел-тергеу тобы жіберіледі. Криминалистер түн ішінде белгісіз адамдардың мал жатағынан 9 қошқарды ұрлап кеткенін білісімен, қылмыс орнында мұқият тексеріс жүргізеді. Есепке алу базалары бойынша қалдырылған іздерді тексеру кезінде күдіктілердің жеке басы бірден анықталып, олар көп ұзамай құрықталады. Яғни ұрылар бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған облыс орталығының тұрғындары болып шыққан. 

Осылайша қылмыскерлер өз кінәсін толық мойындап, тергеу кезінде мал соятын жерді де көрсеткен. Енді олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Қазіргі күні ҚР ҚК-ның 188-1-бабы негізінде «Мал ұрлығы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлілер мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бауыржан Махутұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале