29.06.2026, 21:00
Оқылды: 62

Қостанай, Атырау және БҚО-дағы бес теміржол вокзалы іске қосылды

«Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тапсырмасы аясында еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды.

photo_5336898737239955945_y

Фото: PR_KTZh

Ауқымды жаңғырту жұмыстары Қостанай облысындағы Аманқарағай мен Құсмұрын, Атырау облысындағы Ганюшкино мен Аққыстау, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысындағы 1916 жылы салынған тарихи Семиглавый Мар вокзалдарында жүргізілді. Барлық нысанда ғимараттардың қасбеті мен ішкі бөлмелері толық жөнделіп, шатырлары мен инженерлік желілері ауыстырылды. Сондай-ақ заманауи желдету, өрт дабылы жүйелері орнатылып, айналасы абаттандырылды. Жолаушылар үшін жаңа жиһаздар, вандалға қарсы креслолар қойылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалды. Ганюшкино мен Аққыстау вокзалдарының аумағы едәуір кеңейтілсе, Аманқарағай станциясында перрон ұзартылды.

photo_5336898737239955950_y

Айта кетейік, биылғы жылдың басынан бері бұл өңірлердегі пойыздармен жүздеген мың жолаушы қатынаған. Құрылысқа отандық материалдар ғана қолданылған бұл жобалар теміржол қауіпсіздігі мен қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтерді.

photo_5336898737239955941_y photo_5336898737239955947_y

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале