Бүгін "Атамекен" өнер ордасында Серік Егізбаев БАҚ басшыларымен, үкіметтік емес ұйым мүшелерімен, азаматтық белсенділермен, кәсіподақ ұйымының өкілдерімен кездесіп жатыр.
Жиынды БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ашты.
- Бізге Президент өңірлерді аралағанда қала орталығымен шектелмей алыс аудан, ауылдардағы халықпен кездесіңдер, жеке қабылдау жүргізіңдер деп тапсырма берді.
Біз сол тапсырма аясында кеше Бәйтерек ауданында болдық, жергілікті тұрғындарды тыңдадық.
Енді міне, Сіздердің алдарыңызға келдім. Мен сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге тырысамын, - деді Серік Егізбаев.
Кездесуге келген әр адамға вице-министрге сұрақ қойып, пікір айтуға мүмкіндік беріліп отыр.
Жанат Көшкінбай,
суретке түсірген: Гүлмира Сарсенғали
zhaikpress.kz