Денсаулық сақтау министрлігі «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 19 қаңтардағы бұйрығына өзгерістер енгізді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жазылған.
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен
Бұйрыққа сәйкес жедел жәрдем бригадасының құрамына парамедик – алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіптік даярлық курсынан өткен адам кіреді. Бұл жедел медициналық жәрдем жүргізушілерін оқытуға және оларды шақыртуларға қызмет көрсет бойынша жедел медициналық жәрдем бригадаларының жұмысында фельдшер ретінде тартуға мүмкіндік береді.
Дәрігерлік бригадалар құрамына қарқынды терапия, кардиологиялық және педиатриялық бейіндегі мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалар кіретін бригадалардың жалпы санының кемінде 25% -ын құрайды. Бүгінде елімізде 1500-ге жуық жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істейді, оның 18%-ы мамандандырылған дәрігерлік бригадалар.
Талдау қанайналым жүйесінің аурулары мен балалардағы ауруларға байланысты қиындықтар жиі кездесетінін көрсетті. Жедел жәрдем станциялары 10 мың және одан аз халыққа шаққанда 1 бригада есебінен бригадалармен жарақтандырылатынын, ал медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарындағы ЖМК бөлімшелері халықтың өтінішін ескере отырып, 35 мың және одан аз адамға шаққанда 1 бригада есебінен жарақтандырылатынын естеріңізге саламыз.
Жедел жәрдем станцияларына медициналық ақпараттық жүйелерге қолжетімділік беріледі, бұл үйлестіруші ұйым үшін медициналық көмек көрсетуде интеграцияны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Халықтың саны 100 000 адамнан тұратын моноқалаларда жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша дербес жедел медициналық жәрдем станциялары ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар медициналық көмекке қол жеткізуден алыс жол жабындысы жоқ, таулы жердегі, жолдары тік, маусымдық табиғи-климаттық жағдайлары бар, жету қиын елді мекендерде қосымша кіші станциялар немесе облыстық және қалалық ЖМЖС бөлімшелерін құру туралы шешім қабылдайды. Жедел медициналық жәрдемнің функцияларын бірлесіп орындау шарты арқылы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес жедел медициналық көмек көрсетуге лицензиясы бар аудандық ауруханалар көрсете алады.
Бұдан басқа, ауылдық елді мекендерде ЖМЖ шақыруларына қызмет көрсету үшін ЖМЖС аудандық кіші станциясының диспетчері жақын маңдағы медициналық ұйымдардың мамандары мен санитариялық автокөліктерін тартады.
Бұл инновациялар ЖМК қызметінің ел халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.