7.04.2021, 17:09
Оқылды: 12

ҚР ДСМ басқа өндірушілерден вакцина жеткізу жайында хабарлады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцина өндірушілермен келіссөздер жүріп жатқанын айтты.

 ввввввв

«Вакцина бойынша сәуір айында екі миллион дозаны жеткізуді жоспарладық. Оның ішінде 500 мыңын күтіп отырмыз. Бізде жоғары деңгейдегі уағдаластық бар. Қазіргі кезде басқа да өндірушілерден вакцинаны күтіп отырмыз. Қазіргі келісімшарт жасау кезеңінде болғандықтан, ақпаратты әзірге жариялай алмаймыз. Шарт бекітілген кезде, оны жария етеміз. Дегенмен, 500 мың көлеміндегі вакцинаны сәуір айының соңына дейін алуды жоспарлап отырмыз», - деді А.Цой Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол Sinovac, Pfizer, Modern вакциналары бойынша келіссөздер қарастырылып жатқанын айтты.

«Қазіргі кезде құрған кестелерін пысықтап жатыр, олардың әрқайсысы дер кезінде жеткізуге тырысып жатыр», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші және екінші компоненті қанша адамға салынғанын айтты.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале