17.04.2024, 14:48
Оқылды: 20

ҚР ЭТРМ өкілі АҚШ елшісімен Арал теңізінің құрғаған ұлтанына іс- сапарға барып қайтты

"ҚР ЭТРМ өкілі АҚШ Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюм және USAID Халықаралық даму агенттігі өңірлік миссия директорының орынбасары Моник Мосольфпен Арал теңізінің құрғаған табанына іс-сапармен барып қайтты", - деп хабарлайды ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігі.

50e8d301d3409c7b744fbce7f0e9f6c0_1280x720

Фото: www.gov.kz

Әлемдік қауымдастық Арал теңізінің тартылуын адамзат тарихындағы экологиялық дағдарыстың бірі ретінде бағалады.  Құрғаған теңіздің зардабы тек өңірге немесе бір елге ғана емес, барша әлемге тиюде. Осы іссапарда Аралдың қазіргі жағдайымен және атқарылған жұмыстармен арнайы танысты.

Айта кетейік, 2021-2023 жылдары USAID Халықаралық даму агенттігінің «Oasis» жобасы шеңберінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы экожүйені қалпына келтіру мақсатында 150 гектар жерге сексеуіл тұқымы себіліп, көшеттер отырғызылды, 500 метр тереңдікте су ұңғымасы қазылып, пайдалануға берілді.

Еске салсақ,  Мемлекет басшысы 2021-2025 жылдар аралығында  Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы 1,1 млн. гектарға сексеуіл екпелерін егуді тапсырған болатын. Биыл 276,2 мың гектар аумақта осы бағыттағы жұмыстар жоспарланған. Қазір 65 мың гектар ұлтанға 19,4 млн. сексеуіл көшеті отырғызылды, алдағы жылы 280 мың гектар алқапқа егіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале