4.10.2022, 15:01
Оқылды: 70

ҚР ІІМ басшысы малын қараусыз қоя бергендерді қатаң жауапқа тартуды ұсынды

ҚР Үкіметінің отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов көлікпен жануарларды қағып кету оқиғаларының көбейгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ea1ad80e0978474f9f406ce3d1c1af2a
Жолдағы малдың қараусыз жайылуы қауіп туғызады. Биыл жануарларды қағу апаттарының саны 13 пайызға өсті.Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, осындай жол-көлік оқиғаларында 26 жүргізуші мен жолаушы қаза тауып, 135-і жарақат алған.

 Маңғыстау облысында түйелерді қағумен байланысты 8 жол апаты болып, 5 адам қаза болды, 13 адам жарақат алды. Соның кесірінен полиция мал иесін іздеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болды. Тек соңғы он күн ішінде 200-ден астам қараусыз қалған түйе мен жылқы анықталып, арнайы қораларға қамалды.Марат Ахметжанов.

Осы ретте министр малды қараусыз қалдырғаны үшін иелеріне жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынып, қараусыз қалған малды қамайтын қоралар мен жолдарды қоршау қажет екенін айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале