Ұйымдастыру-практикалық және алдын алу шараларының нәтижесінде биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша оң динамика қамтамасыз етілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР IIM Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай хабарлады.

«Интернет-алаяқтықтың тіркелуі 2,5%-ға азайды. Ал оны ашу деңгейі 32,2%-дан 40%-ға өсті, яғни өсуі 7,8%-ды құрайды. Ашылмаған қылмыстық істер саны 16,6%-ға кеміді. Бұл ретте келтірілген залалдың жалпы сомасы 20 млрд теңгені құрады, ал қайтарылған қаражат 4 млрд теңгеге жуық болды», - деді спикер баспасөз конференциясында.