24.07.2023, 15:45
Оқылды: 123

ҚР ІІМ интернет алаяқтардың портретін сипаттап берді

Қазақстанда интернет-алаяқтық фаткілері азайып келеді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

телефон

«Жыл басынан елімізде 9 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген. Қылмыстардың төмендеу динамикасы байқалады», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

ІІМ дерегі бойынша, интернет-алаяқтық бағытында қауіп төндіретіндер – психологиялық тұрғыдан жақсы дайындалған 25-45 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер.

«Олар шетелдік ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері болып келеді және ТМД-да орналасқан тәуелсіз «сall-орталықтарда» жұмыс істейді. Олар «келіссөз жүргізушілер», «хакерлер» және «IT-мамандар» болып, өзара рөлдерді бөлісіп, қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырады және көп жағдайда Қазақстаннан тыс жерлерде орналасады», - деді ведомство өкілі.

Осы бағыттағы күресті күшейту үшін барлық өңірде «CyberPol» бөлімшелері – арнайы топтар құрылып отыр.

«Бөлімшелер құрамына жедел уәкілдер, тергеушілер және криминалистер енді. Олар «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұл банк секторымен және ұялы байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Бейінді бөлімшелерді заманауи бағдарламалармен және техникамен қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда. Алматы академиясында мамандарды даярлау бойынша киберорталық ашылып, онда 350 қызметкер оқытылды», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале