5.05.2023, 16:51
Оқылды: 57

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Абзал Құспан мәдениет қызметкерлерімен кездесіп жатыр

Дәл қазір ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Абзал Құспан Оралдағы "Алтын орда" мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлерімен кездесіп жатыр. 

IMG_20230505_163348

Кездесуге қатысқандар мәдениет қызметкерлерінің жалақысын өсіруге ықпал етуді сұрады.

- Президент Тоқаев 2019 жылы Үкіметке бюджетті "әділ бөлу" деген тапсырма берді. Яғни, бюджеттің бөлінуінде ала-құлалық болмауы керек деп нақты тапсырма берген еді. Мен осыны басшылыққа аламын. Мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге ықпал ету үшін концепциядан бастағым келеді. Біз мәдениет саласындағы саясатты өзгертуден бастауымыз керек. Мәдениет саласында қайраткерлер бар, ғалымдар бар, жазуышлар бар. Барлығы да мәдениетке қызмет жасайды. Олар кешін өткізуі үшін, кітабын шығаруы үшін әкімдер мен минисртлерді жағалап жүруге мәжбүр. Ал бұл заңмен реттелген болуы қажет. Жалақыға қатысты да мәселе күн тәртібінен түспейді. Біз мәдениетке деген көзқарасты дұрыстауымыз қажет, - деді Абзал Құспан.

IMG_20230505_163408

Динара Насыр, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале