8.12.2023, 21:00
Оқылды: 94

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды

2023 жылғы 8 желтоқсанда Парламент Сенатының жалпы отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде баяндама жасады.

Internet_20231208_200615_7

Сонымен қатар Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Халықаралық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі Нұрахмет Бижанов, Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығының басшысы Серік Әубәкіров баяндама жасады.

Сырым Шәріпханов өз сөзінде соңғы болған қайғылы оқиғалар кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін көрсеткенін атап өтті.

Internet_20231208_200615_8

ТЖМ төтенше жағдайлар салдарын жоюды, олардың алдын алуды, сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесінің төтенше жағдайларға ден қою дайындығын арттыруды жүзеге асырып отыр. Тәуекелдерді басқарудың жаңа тәсілін енгізу мақсатында, салалық заңнаманы жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс атқарылып келеді.

Отырыс барысында заң жобасына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін жетілдіру, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдайлардың салдарын жою, азаматтық қорғаныс, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы бағыттары бойынша түзетулер енгізу мәселелері талқыланды.

Internet_20231208_200615_9

Әкімшілік реформа шеңберінде «Азаматтық қорғау туралы» Заңнан 56 функция алып тасталды, тағы 53-і әзірленген Заң жобасы шеңберінде іске асырылатын болады.

Сырым Шәріпханов төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел ден қою жөніндегі азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру үшін қолданыстағы заңнаманы қазіргі заманғы шындықтардың сын қатерлеріне үнемі бейімдеу қажет.

     ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале