6.08.2022, 13:53
Оқылды: 61

Кредит бойынша мерзімін өткізіп алған кезде не істеу қажет⁉️

2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда кредиттік ұйымдардың төлемге қабілетсіз қарыз алушы – жеке тұлғалардың берешегін реттеудің бірыңғай тәртібі жұмыс істейді.

333

Банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыз алушыны мерзімін өткізіп алу туралы ол басталған сәттен бастап 20 күн ішінде хабардар етуге міндетті.

Хабарламада кредиторлар азаматтарға:

✅ туындаған мерзімін өткізіп алудың нақты мөлшерін көрсете отырып, төлемдер енгізу қажеттігі туралы;

✅ қарыз алушы - жеке тұлғаның банктік қарызды немесе микрокредитті қайта құрылымдау үшін кредиторға жүгіну құқығы;

✅ кредиттер мен микроқарыздар бойынша өз міндеттемелерін орындамау салдары туралы хабарлауы керек.

Сондықтан, егер сізде кредит бойынша мерзімін өткізіп алу туындаса, онда ол басталған күннен бастап 30 күн ішінде банкке немесе микроқаржы ұйымына өтінішпен жүгініңіз. Өтінішіңізде мерзімін өткізіп алудың себебін және міндеттемелерді орындауда өз нұсқаларыңызды көрсетіңіз. Мысалы, сіз сыйақы мөлшерлемесін төмендету жағына қарай өзгертуді, төлемді кейінге қалдыруды, шарттың қолданылу мерзімін, өтеу әдісін өзгертуді, өзінің қаржылық жағдайын ескере отырып, жаңа төлем кестесін жасауды немесе кепіл мүлкін өз бетінше өткізуді ұсына аласыз.

Кірісіңіздің азайғанын және өз міндеттемелеріңізді төлей алмайтыныңызды куәландыратын растаушы құжаттарды қоса тіркеуді ұмытпаңыз.

Кредиттік ұйым 15 күн ішінде жауап беруі тиіс.

?Егер кредитормен келісу мүмкін емес болса, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгініңіз. Бұл ретте сіз банкке немесе микроқаржы ұйымына жүгінгеніңізді және өзара қолайлы шешімге келе алмағаныңызды білдіретін растама ұсынуға тиіссіз. Агенттік өз өкілеттігі шеңберінде сіздің өтінішіңіздің негізінде кредиторға қатысты құжаттамалық тексеруге бастама жасайды. Бұл кезеңде кредитор халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын борышкерлердің кепілге қойылған мүлкін өндіріп алу рәсімдерін бастауға құқылы емес.

?Аталған тақырып бойынша толығырақ консультация алу үшін, Агенттіктің «1459» нөмірі бойынша call-орталығына немесе «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы жүгінуіңізге болады.

?? Толығырақ: https://fingramota.kz/kk/post/aryz-alushylardy-y-tleu-merzimi-tip-ketken-zhadajda-ne-isteu-azhet сайтында.

Fingramota.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале