29.11.2022, 12:15
Оқылды: 110

Круиз лайнерінің бортынан мұхитқа құлап кеткен жолаушы 15 сағаттан соң тірі табылды

28 жастағы ер адам АҚШ-тың круиз лайнерімен саяхаттап жүріп, борттан құлап кеткен. Сөйтіп 15 сағаттан соң Мексика бұғазында құтқарылған. 

photo_107101Сурет: pixabay.com

Carnival Valor жолаушысының жоғалып кеткенін жігіттің әпкесі байқаған, деп жазады New York Post.

Олар 23 қарашада кешкі уақытта бірге лайнердегі барлардың бірінде ішімдік ішкен. 23:00-де ер адам әжетханаға кетіп, оралмаған. Алайда ер адамның жоғалғаны туралы әпкесі келесі күні түсте бір-ақ хабарлаған.

Осыдан кейін кеме қайта бұрылып, Жаңа Орлеанға бағыт алған, ал құтқарушылар мұхиттан жігітті іздей бастаған. Оны 24 қарашада кешкі 20:30-да Луизиана штатының жағалауында тапқан, сөйтіп жағалау күзетінің тікұшағымен құтқарған. Арнайы қызметтердің мамандары ер адамның аман қалуын таңғажайып жағдай деп атады.

Задап шеккен ер адамды Жаңа Орлеан ауруханасына жеткізген. Ол қатты суықтап қалған және шок алған, соған қарамастан дәрігерлер оның жайғдайы бірқалыпты екенін айтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале