9.10.2023, 10:46
Оқылды: 3

ҚТЖ-Жүк тасымалы өмірден өтіп кеткен зейнеткердің атына ақша аударып отырған

Көлік прокурорлары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ЖП АҚША

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың айтуынша, кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақшалай қаражат аударып отырған.

«Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйлықақыларды беріп отырған», - деді Дархан Дүйсембай.

Қазіргі кезде заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар, аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале