10.01.2022, 9:19
Оқылды: 175

Күдіктілер қолға түсті

Кеше шамамен сағат 23.15-те Жәңгір хан көшесінің бойындағы "Москвичи" автожанармай құю станциясының жанында ресейлік тіркеуі бар "Гранта" маркалы автокөлік тоқтатылды. Онда 1998, 1999 жылы туған 4 жас жігіт болған. 

WhatsApp Image 2022-01-10 at 09.10.08

Олар Қызылорда қаласынан келгендерін түсіндірді. Подстепный кентінде орналасқан блокбекетті кесіп өте алмағандықтан, саяжай алабы арқылы айналып өтпек болған. Жастар күдікті көрінген және көліктен алкогольдің өткір иісі шықты. Полиция қызметкерлері дереу автокөлік пен жолаушыларды жеке тексеру және полиция бөліміне жеткізу бойынша шаралар қабылдады. Ал жүргізушіге медициналық тексеру жүргізіліп, оның есірткі заттарын (марихуана) пайдалану фактісін растады.

Сонымен қатар автокөлікті тексеру нәтижесінде жүргізушіден 2 ас үй пышағы,  өзіне тән иісі бар жасыл түсті ұнтақ тәрізді заты бар қорап және түрлі маркалы 4 ұялы телефон табылды.

Ұялы телефондарды алып тастап, тексергеннен кейін галереяда "бетбелгілер" орындары бейнеленген және қол қойылған көптеген фотосуреттер табылды.

Алынған заттар сараптамаға жіберіледі, оның нәтижелері бойынша фактіні СДТБТ-ға тіркеу мәселесі шешілетін болады.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар жүргізуші мен жолаушылар ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

БҚО ДП баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале