9.02.2022, 16:50
Оқылды: 76

Құқық қорғау қызметкерлеріне екі рет қана атақ беру ұсынылды

Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев құқық қорғау қызметін жетілдіру бойынша заң жобасын таныстырды.

T2uXcqwAqamWIUErnkpTzAuKmCwTFVgAaPnL6L7T (1)

 

 

Заң жобасы аясында ведомстволық академияларға танымал ғалымдар мен тәжірибесі мол отставкадағы мамандарды тарту туралы өзгерістер жасалады.

Қазір академияда оқытушы болып жұмыс істеу үшін барлық кандидатқа қойылатын талапқа сай болу керек. Мысалы, құқық қорғау органдарына қабылдауға жас жағынан шектеу қойылған. Денсаулығына ерекше талаптар бар. Аталған адамдар осы талаптар бойынша өтпейді. Ал еңбек шартымен алатын болсақ, оларды лайықты жалақымен қамтамасыз ете алмаймыз. Сол себепті жоба оларды ешқандай шартсыз қабылдауды ұсынады, - деп айтты Әсет Шындалиев.

Ондай шешімді тек орталық органның бірінші басшысы қабылдайды. Судья болып немесе құқық қорғау органдарында жұмыс істеп, зейнетке шыққан адамдарды оқытушылық қызметке тарту өте маңызды. Олар ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, жас қызметкерлерді даярлауға көп үлес қосады.

Көтермелеу ретінде мерзімінен бұрын атақ, шендер беру тәртібі күшейтіледі. Қазіргі заң бойынша қызметкерлерге көтермелеу арқылы 6 рет атақ, шендер беруге болады. Заң жобасы көтермелеу арқылы атақтарды екі-ақ рет беруді ұсынады, - деп түсіндірді ол Мәжілісте.

 baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале