Қазақ халқы құмырсқаға құрметпен қарайтын болғандықтан, оны жөнсіз өлтіруге болмайды деп санаған, өйткені құмырсқа аңыздар бойынша Нұх пайғамбардың кемесіне азық тасуға көмектескен екен.

Нұх пайғамбар кеме жасап болған соң, тәңірден мынадай алып кемеге көп азықты қалай жинаймын деп сұраған екен, сонда, Тәңірі, қам жеме кемең ертең азыққа толады дейді.
Ертесіне қисапсыз құмырсқа аузына бір-бір дәннен тістеп, кемеге астық тасиды, оларға риза болған Нұх пайғамбар құмырсқаларды кемеге бірінші болып кіргізеді.
Тағы бір аңызда құмырсқа Сүлеймен пайғамбарға: «Біз кішкентай болғандықтан, адамның аяғының астында өліп қалып жатамыз, көмегің болсын бұдан былай әскерің қызыл жалау ұстап жүрсін, қызыл түсті көргенде тапталмас үшін біздер жол беріп қашайық», - депті.
Содан бері кейбір кісілер үйлерін құмырсқа басып кеткенде дәрі шашпай, бөлмелеріне қызыл матадан жасалған жалаушаларды қадап шығады екен.
Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz
(«Салт-дәстүр сөйлейді». Хрестоматиялық анықтамалық. А. 2017 ж.)