Алдағы күндері аптап ыстық қайтадан басталады. Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері Иран аумағынан жылы әрі құрғақ ауа массалары келе бастайды. Салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы жекелеген аудандарда аптап ыстық +40…+44 градусқа дейін көтеріледі. Аптап ыстықта денсаулық жағдайыңыз нашарласа, жұмыс орныңыздан заңды түрде демалыс ала аласыз. Заңгер Арыс Данагатов мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сурет: istockphoto.com
Заңгер түсіндірмесі
Заңгердің сөзінше, Еңбек кодексінің 87-бабында демалыс күндерінің түрлері көрсетілген.
Соның арасында «әлеуметтік демалыс» деген түрі бар. Яғни бір жылдың ішінде 3 күн жұмыс орныңыздан әлеуметтік демалыс алуға құқылысыз, - дейді заңгер.
Арыс Данагатовтың сөзінше, жұмыс берушінің сізге әлеуметтік демалыс бермеуі заңсыздық болып саналады. Сізге демалыстың бұл түрін алуға тыйым салынған жағдайда еңбек инспекциясына арыздануға болады.
Әлеуметтік демалыс скринингтік тексерулерден өту, балаларды күту, жұмыстан үзіліссіз білім алу және басқа да әлеуметтік мақсаттар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қызметкерді белгілі бір мерзімге жұмыстан босату, - дейді маман.
Еңбек кодексі
ҚР Еңбек кодексiнің 87-бабы бойынша, демалыстың мынандай түрлері бар:
1) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары;
2) әлеуметтік демалыстар.
1) жыл сайынғы негізгі ақы төленетін еңбек демалысы;
2) жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әлеуметтік демалыста болған кезең еңбек өтіліне есептеледі. Демалыс беру жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.