22.08.2025, 10:30
Оқылды: 431

Күнбағыс майының өндірісі 24,9% артты

2025 жылдың алғашқы 7 айында республикада 365,4 мың тонна күнбағыс майы (тазартылмаған) өндірілді. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,9% көп.

7f5eb58b-4128-410b-b238-c9cf4585f841
Айта кетейік, жылдың бірінші жартыжылдығында күнбағыс майының экспорты жалпы алғанда 46,2% өсті. Қазақстандық күнбағыс майын негізінен Ресей мен Қытай сатып алады, сонымен қатар ол Қырғызстан, Беларус, Украина, Германия және Францияға жеткізіледі.
Республика бойынша күнбағыс майының орташа бағасы литріне 832 теңге. Ең төмен орташа баға Түркістанда тіркелген – 745 тг/л, ал ең жоғарысы Жезқазғанда, онда бір литр өнімнің орташа бағасы 928 теңге (12.08.2025 ж. жағдай бойынша).

Дереккөз: QAZSTAT

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале