3.05.2024, 12:33
Оқылды: 56

Құны 230 млн. теңге майнингтік ферманы мемлекеттік шекарадан заңсыз әкетуге тырысты

"Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері "Қайрақ" АПП-да құны 230 млн. теңгеден асатын криптовалюта өндіруге арналған жабдықты Ресей Федерациясына заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті", деп хабарлайды ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті.

WhatsApp Image 2024-05-03 at 12.35.25

Фото: www.kgd.gov.kz

Департаменттің мәліметінше 2023 жылдың қараша айында Қазақстанда тіркелген "А" ЖШС 640 серверді шетелге шығаруға тырысты. Осы оқиға бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабымен әкімшілік іс қозғалып, қазіргі уақытта аяқталды. Сот шешімімен барлық жүк мемлекет кірісіне тәркіленіп, 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

МКД "Ерекше тауарларды бақылау туралы" ҚР Заңының нормаларына сәйкес тиісті рұқсат құжаттарынсыз нақты тауарларды тасымалдауға тыйым салынғанын еске салады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале