13.04.2021, 1:02
Оқылды: 184

Құрметті соғыс және Ұлы Отан соғысындағы тыл еңбеккерлері!

1941-1945 жылдардағы Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы даңқты Жеңісінің мерекесі жақындап келеді. Бұл Жеңіс бізге оңайға түспеді. Бүгінде соғыс бұлтына шарпылмаған отбасыны кезіктіру қиын. Орал өңірінен майданға аттанған ондаған мың жерлестеріміз соғыстың қатал өткелдерін бастан кешті. Жартысы Отанымыздың бостандығы жолында фашистермен арадағы соғыста ерлікпен қаза тапты. Елге оралмай, майдан даласында қаза болған жерлестерімізді ешқашан ұмытпаймыз. Өздерінің ұрпақтарының артында өшпес із қалдырған, оларға қазіргідей бақытты өмір сыйлаған майдангерлердің рухы алдында басымызды иеміз.  

аудан аким куттыктауларына (3)

Бүгін біз соғыс жылдарында жеңісті жақындатқан, тылда жанқиярлық еңбектің үлгісін көрсеткен, әскердегі сарбаздарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жолында күндіз-түні дамыл көрмеген, тыным таппаған тыл еңбеккерлерінің алдындағы борышымызды ұмытпаймыз.

Сіздерге мың тағзым, құрметті соғыс және тыл ардагерлері! Сіздердің жауынгерлік және еңбектегі ерліктеріңіз ешқашан естен шықпақ емес. Өмірдегі жеткен белестеріңізді ұрпақтар жыр қылып айта берері сөзсіз. Олар бабаларының,  аталары мен әжелерінің осындай батыр, ержүрек болғандығын әрдайым мақтаныш тұтады. Хас ерліктен тәлім-тәрбие алып, жігерленген жас ұрпақ бұдан былай да еліміздің одан әрі гүлденуі жолында қолынан келгеннің бәрін жасайды. Біз соғыс және тыл ардагерлерінің денсаулығын, отбасының аман-сау болуын және әлеуметтік жағдайын үнемі назарда ұстауды өзіміздің парызымыз санаймыз. Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығында егемен Қазақстанның бүгінгідей қарыштап дамуына қосқан ұлан-ғайыр үлесіңіз үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

Құрметті ардагерлер, сіздерге Ұлы Жеңіс үшін тағы да мың мәрте алғысымызды жеткіземіз. Сіздерге мықты денсаулық, амандық және ашық аспан тілейміз!

 

Құрметпен, облыстық ардагерлер
кеңесінің төрағасы Мақсот Берген

 

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады.

 

 zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале