«Алдымызда Парламенттің рөлін күшейту міндеті тұр. Бұл халық үнінен құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан, тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет қағидатын басшылыққа аламыз. Бүгін мен осы стратегиялық мақсатымызға жетуге мүмкіндік беретін бірқатар бастамаларды ұсынамын», - деді Президент.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Президенттің партияға мүшелігін тоқтату керектігін алға тартты.