Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің батысына, шығысына, оңтүстік-шығысына жауын-шашын түседі, деп жазды Ұлттық арна.
«Батыста жаңбыр, елдің шығысында, оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Қалған аумақта антициклон әсерінен күн райы ашық болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Елдің батысында, оңтүстігінде, шығысында жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал», - деп хабарлайды синоптиктер.
Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.
Түнде Алматы және Жетісу облыстарында үсік жүреді, Түркістан, Жамбыл облыстарында 1-6 градус ызғар сақталады.