18.06.2024, 16:46
Оқылды: 93

Құтқарушылардың 90 пайызы баспанаға мұқтаж – Шыңғыс Әрінов

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қызметкерлерін баспанамен қамту жұмыстары қалай жүріп жатқанын баяндады, деп жазды ҚазАқпарат.

7E0A959C-0AA9-424B-8CED-CF5741A88F4E

Сурет: ҚР Үкіметі

«Қазіргі таңда министрлік тарапынан барлық қажетті шараларды қабылдаудамыз. Бүкіл қажетті келісімдер бар. Бірақ заңды тұрғыда бұл сұрақты әлі шешпедік. Біздің ойымызша, қыркүйектен бастап, Парламентке заңға өзгерістер енгіземіз. Ең басты мәселе – тұрғын үй төлемдерін алу. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап сол мәселені шешеміз деп ойлаймыз», – деді министр Үкімет үйінде өткен брифингте.

Тілшілер құтқарушылардың қаншауы баспанаға мұқтаж екенін нақтылап сұрады.

«Біздің қызметкерлердің 90% баспанаға мұқтаж деп санай беріңіз», – деп жауап берді Ш.Әрінов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале