7.11.2024, 13:00
Оқылды: 86

Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Бұл туралы БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Шариев өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Әскер ЖП

Батыс Қазақстан облысы ТЖД «ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін жасақтауға арналған әскерге шақырылушыларды іріктеу мен зерделеуді ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылғы 25 ақпандағы №62 бұйрығын орындау үшін (бұдан әрі – Департамент) 2024 жылғы 10 қазандағы №203 «ҚР ТЖМ 52859 және 68303 әскери бөлімдерін жасақтауға арналған әскерге шақырылушыларды іріктеу мен зерделеуді ұйымдастыру туралы» бұйрық шығарды.

Осы бұйрыққа сәйкес, әскерге шақырылушыларды сапалы іріктеу, зерделеу және оларды ҚР ТЖМ әскери бөлімдеріне жөнелту бойынша көмек көрсету үшін департаменттен арнайы жұмыс тобы құрылған.

– Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Төтенше жағдайлар басқармалары, Қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдері, Орал қаласының аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері ҚР ТЖМ әскери бөлімдеріне команда жинақтау үшін әскерге шақырылушыларды іріктеу бойынша бірлесе жұмыс істеп жатыр. Жоспарға сәйкес, күзде Батыс Қазақстан облысынан мерзімді әскери қызмет өткеру үшін 30 азамат аттанады. Олардың ішінде: Қарағанды қаласында орналасқан 52859 әскери бөліміне – 20, Семей қаласында 68303 әскери бөліміне баратын 10 азамат бар. Әскерге шақыру науқаны ағымдағы жылдың 1820 қараша аралығында өтеді.  Әскери қызметке жарамды және азаматтық қорғау саласына ұқсас факультеттердi бiтiрген үміткерлер алдын ала iрiктеледi. Қазіргі уақытта 124 әскерге шақырылушы тексерілді. Олардың ішінде гі 27 үміткер талапқа сай, – деді БҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Шариев.

Сондай-ақ ҚР ТЖМ-де азаматтарды әскери қызметке қабылдау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Әскерге шақырылушылар үшін билеттерді брондау бойынша жұмыс жүргізілуде. 2024 жылдың күзгі әскерге шақыру науқанына азаматтарды іріктеу мәселесі департамент бастығының жеке бақылауында. Осы бағыт бойынша жұмыс әскерге шақырылушыларды қызмет өткеру орындарына жөнелткенге дейін жалғасады.

Нұрым Ғұмар

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале