28.11.2022, 9:01
Оқылды: 42

Құжаттар 100% қазақ тілінде

Ел намысын қорғау, мәдениетіміз бен тарихымызды, тілімізді бүкіл әлемге таныту – тәуелсіз Қазақстан жастарының негізгі міндеті. Сол себепті барынша сапалы қызмет атқаруға тырысып келеміз. Мемлекетіміздің абыройын асқақтата түсу үшін қазақ тілінің, яғни мемлекеттік тілдің  қолданыс аясын кеңейтуіміз керек. Тіл – атадан балаға жалғасқан баға жетпес ұлттық құндылық, ең зор рухани мұра.  

crop-170_8_521x920_photo_2021-01-25_10-47-12 (1)

Фото дереккөзі: Egemen.kz 

Жалпы мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі аса маңызды бірнеше салада жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттік мекемеде конференция, дөңгелек үстелдер, әртүрлі сипаттағы жиналыстар тек мемлекеттік тілде өтуі тиіс.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2010 жылы құрылды. Содан бері бұл мекемеде хаттамалар мен анықтамалар, ішкі және сыртқы құжаттар 100% қазақ тілінде түзілуде. Сотқа келіп түскен хат-хабарламалар ресми тілде тіркелгенімен, оларға ҚР «Тіл туралы» заңына сәйкес екі тілде жауап беріледі. Барлық шығыс құжаты мемлекеттік тілде даярланады. Ішкі айналым құжаттары, өкімдер, соттың жұмыс жоспары, соттың кеңсе мамандарының атқаратын функционалдық міндеттері, жедел мәжіліс отырыстарының хаттамалары, жолдама хаттар, ҚР Жоғарғы соты мен облыстық соттан келіп түскен барлық бақылаудағы тапсырманың жауаптары мемлекеттік тілде рәсімделеді. Сондай-ақ сот мамандарының бәрі мемлекеттік тілді жетік меңгерген. Олар өзара қазақ тілінде еркін тілдеседі. Бұқаралық ақпарат құралдарына мақалаларын екі тілде жолдайды. Осылайша, сот мамандары мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданылу аясын кеңейту жолында белсенділік  танытып  келеді.

Әлия Тілемберлиева,

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале