12 қаңтардағы мәлімет бойынша 27 423 адам коронавирус инфекциясынан (25 609 КВИ+ және 1 814 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Олардың ішінде:
3 409 пациент стационарда,
24 014 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
187 адамның жағдайы ауыр,
59 пациенттің жағдайы өте ауыр,
41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.