Көзім үйренген керемет көрікті көріністі көптен жоқтап жүрмін. Осыдан бірер жыл бұрын Орал қаласының Құрманғазы мен Ықсанов көшелерінің қиылысында жолдың арғы-бергі бетіне «қонақтаған» қос қырғауылдың (тауыстың) «құйрығына» сан алуан түсті гүлдер егіліп, көктемнен күзге дейін көздің жауын алушы еді. Алайда үшбу әдемілік былтырдан бері көзден бұл-бұл ұшты. Яғни былтыр да, биыл да қос тауыстың құйрығына гүл егілмей, арамшөп қаулап, жайлаудан ел көшкендей күйде құлазып тұр...
Бұл мәселені қалалық әкімдіктің қай бөлімі қадағалайды екен? Қос тауысты әдемілеп бояп, «құйрығына» гүл егу, қаланы көркейтіп-көгалдандыруға қатысты тендерді ұтып алған мекемеге соншалықты қиын шаруа ма?..
Бауыржан Салықұлы,
zhaikpress.kz