7.06.2022, 16:15
Оқылды: 35

Қытай Айға, Марсқа және одан басқа планеталарға ұшуды жоспарлап отыр

2030 жылға қарай Қытай өзінің алғашқы астронавтарын Айға, ал Марс пен Юпитерге зонд жібермекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі BBC News-ке сілтеме жасап.

1

Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы 2003 жылы 300 млн АҚШ долларлық бастапқы жылдық бюджетімен құрылды.

2016 жылы Қытай өзінің ғарыш саласын жеке компанияларға ашты және қазір олар жылына 1,5 млрд доллардан астам инвестиция салады.

Қазіргі уақытта Қытайдың ғарыш жобаларында 300 мыңға жуық адам жұмыс істейді, бұл АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігіне қарағанда 18 есе көп.

Нәтижесінде 2021 жылы Бейжің өзінің Тяньгун ғарыш станциясының алғашқы модулін орбитаға шығарды.

Жылдың соңына қарай оған «Mengtian science lab» ғылыми зертханасының қосымша модулін, ал келесі жылы «Xuntian» ғарыштық телескопын қосу жоспарланған.

Болашақта «Тяньгунның» жеке электр станциясы, қозғалтқыш қондырғысы, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері және тұрғын үй-жайлары болады.

Үш қытайлық астронавт елдің жаңа ғарыш станциясында жұмыс істеу үшін алты айлық миссияны бастады.

Бұл - Қытайдың жетекші ғарыштық держава болу жолындағы соңғы қадамы ретінде қарастырылады.

Бір қызығы, қытайлық астронавтарға ХҒС-ына шығуға рұқсат етілмейді, өйткені АҚШ заңнамасы NASA-ға Қытаймен деректерді бөлісуге тыйым салады.

Ұлыбританиядағы Портсмут университетінің ғарыш жобалары жетекшісі Люсинда Кинг Қытайдың Айға ұшуы бір жағынан оның бетінен сирек кездесетін металдарды алу мүмкіндігіне негізделген деп санайды.

Лондон ғарыш саясаты және құқық институтының директоры, профессор Саид Мустешар Қытайдың ғарыш бағдарламасы әлемге өзінің күші мен технологиялық прогресін көрсетуге деген ұмтылысын көрсетеді деп санайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале