22.10.2023, 20:14
Оқылды: 77

Қытайда Азия Пара ойындарының ашылу салтанаты өтті

Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласындағы «Үлкен Лотос» олимпиада стадионында IV Азия Пара ойындарының ашылу салтанаты өтті.

IMG_20231022_200529_640

Ойындардың ашылу салтанатында еліміздің туын пара волейболдан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Жанғали Сүйеуов және пара үстел теннисінен халықаралық жарыстардың чемпионы Алтынай Ержанқызы ұстап шықты.

ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Азия Пара ойындарына қатысушыларды құттықтап, спортшыларымызды қолдауға шақырды.

IMG_20231022_200529_659

«Пара спортшылардың мұндай ірі додаға қатысуының өзі үлкен жеңіс. Тағдырдың тосын сынағына сынып кетпей, ерік-жігерінің, спортқа деген құштарлығының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр», - деді министр.

IMG_20231022_200530_060

Айта кетейік, қазанның 22-28 аралығында өтетін спорттық додаға 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады. Байрақты бәсекеде 131- спортшымыз 14 спорт түрінен өнер көрсетіп, 485 медаль жиынтығын сарапқа салады.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале