26.11.2021, 13:00
Оқылды: 12

Қытайда халықтың 76,8% коронавирусқа қарсы вакциналанды

Құрлықтық Қытайда 1,08 млрд. адам коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсынан өтті, бұл ел тұрғындарының 76,8 пайызын құрайды. Бұл туралы Гуанчжоуда (ҚХР Гуандун провинциясы) өткен Қытай интернет-медиа форумының барысында елдің жетекші эпидемиологы Чжун Наньшан мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

211126101310172e

Ол сондай-ақ Қытайда COVID-19 жұқтыру деңгейі 100 мың адамға шаққанда 8,9 оқиғаны құрайтынын, ал өлім деңгейі - 100 мың адамға шаққанда 0,4-ті құрап отырғанын атап өтті. Өткен тәулікте құрлықтық Қытайда коронавирусты жұқтырудың расталған жаңадан 13 оқиғасы анықталды, өлім тіркелмеген. Бұл ретте, вирусқа шалдығудың жергілікті 4 жағдайы Ляонин провинциялары (Далянь қаласы) мен Шанхай қаласынан анықталған.

Соңғы ресми мәлімет бойынша, құрлықтық Қытайда COVID-19 вирусына шалдыққан пациенттердің 94,42% сауығып шықты. 2019 жылдың желтоқсанынан бері коронавирус жұқтырғандар саны 98,5 мың адамға жетіп, 4636 адам қайтыс болған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале